• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 16 Мамыр, 2022

Биыл 550 шақырым темір жол күрделі жөндеуден өтеді

454 рет
көрсетілді

Жыл соңына дейін ірілі-ұсақты 1 054 шақырым темір жол жамап-жасқалады. Соның ішінде 550 шақырым жолға күрделі жөндеу жүргізіледі.

Жұмыс барысында ескі жол алынып, оның орнына жаңа рельс-шпалдар төселеді. Бұл үшін арнайы жол техникалары – бөлшектеу және салу крандары, түзету-қағу-тегістеу, жолды біркелкі ету машиналары, әмбебап құрал-саймандармен жабдықталған платформалар пайдаланылады.

Биылдыққа негізінен Түркі-с­та­н, Павлодар, Қарағанды, Қос­танай, Қызылорда, Атырау, Маң­ғыстау бөлімшелерінің магис­­тралдық желілерін бүтін­­деп шығу көзделіп отыр. Бұған дейін Түркістан облы­сын­дағы жұмыстың қалай жүріп жат­қаны және Шым­кент магис­тралдық желі бөлім­шесіне қа­рас­ты Шағыр – Тал­дықұдық ара­лығындағы шойын жолдың қалай жөнделіп жатқаны туралы жан-жақты ақпарат берілген-ді.

Жалпы, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ темір жол магистралдарын жоспарлы түрде жыл сайын жөндеуден өткізіп тұрады. Бұл қарекет ең әуелі қауіпсіздікті сақтау үшін қажет.