• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Мамыр, 2022

Каспий теңізіне үш адам батып кеткен

478 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысында үш адам суға батты, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық ТЖД азаматтық қорғау басқармасына сілтеме жасап.

Бүгін сағат 17:40 шамасында құтқару қызметіне куәгерлер хабарласып, Ақтау қаласының 4-мөлтекауданында, шомылуға рұқсат етілмеген жерде төрт адамның Каспий теңізіне батып бара жатқанын жеткізген.

Оның біреуі өз күшімен судан шығып үлгерген. Қалған үш адамды құтқарып қалу мүмкін болмаған.

«Құтқару жұмысына қолайсыз ауа райы кедергі болды. Күшті желден теңіз бетінде үлкен толқындар көтерілді. Сондықтан қазір іздеу жұмысы тек теңіз жағалауында жүргізіліп жатыр», деді азаматтық қорғау басқармасының бастығы Саят Батталов.

Құтқарушылар суға түсуге арналмаған жерде шомылуға болмайтынын еске салады.