• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Пікір 17 Мамыр, 2022

Көрші елдермен тату болу маңызды

338 рет
көрсетілді

Кеше Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ-ның құрылуына 20 жыл толуына орай ұйымдастырылған Мәскеудегі алқалы жиынға қатысты.

Өмірде шынайы ахуалды шынайы күйде қабылдау керек. Өйткені Қазақстанның географиялық тұрғыда орналасуы, көршілерімізбен қарым-қатынас елдің дамуына өз әсерін тигізеді. Көршілік қарым-қаты­насымыз Ресей, Қытай, Түрік­менстан, Қырғызстан, Өзбекстан секілді елдермен тығыз байланыс­ты. Сондықтан көршімен тату болу қай жағынан да маңызды. Осы орайда, Президентіміздің Ресейге барғанын, көршілес елдермен тату болуға ұмтылуын өте дұрыс қадам деп бағалауға болады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дипломат адам. Кешегі жиын барысында да түсірілген фотоларды қарап отырып, Президентіміздің тап-тұйнақтай, өз ісін адал атқарып, мемлекеттің мүддесін қорғағанын анық аңғарамыз.

ҰҚШҰ бітімгерлік күштері Қазақстанның шақыруы бойынша Қаңтар оқиғасы кезінде келіп, өз миссиясын аяқтағаннан кейін өз елдеріне оралды. Олардың еңбегін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары бағалады.

Кейбір сыншылар ҰҚШҰ-дан шығу керек деген әңгіме айтып жүр. Меніңше бұл мәселені Президент халықпен ақылдаса отырып шешім қабылдайтыны сөзсіз. Бірақ ең басты мүдде – әлем­дегі «тоғызыншы террито­рияның» аумақтық тұтастығын, ел­дегі тұрақтылық пен бейбіт­ші­лікті сақтау саясатын жалғастыра беру керек.

Қазақстанның көпвекторлы позициясын ұмытпаған жөн. Сол вектордан айнымай, дүние жүзі мемлекеттерімен түзу қарым-қатынасты сақтау басты мақсат. Ал ол бүгінгі саяси аренада оңай жұ­мыс емес. Президентіміздің Түр­кияға сапары да Қазақстанның халық­аралық саясаттағы ұстанымын айқындауға өз ықпалын тигі­зе­тіні сөзсіз. Р.Ердоғанның «Біз бауырларымызды әрқашан да қор­ғаймыз» деген сөзі де өзгелерге ой салары анық.

 

Самат НҰРТАЗА,

саясаттанушы