Қазақстанда коронавирусқа шалдыққан 10 адамның жағдайы ауыр, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
17 мамырдағы мәлімет бойынша, 169 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Олардың ішінде 51 пациент стационарда, 118 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
10 адамның жағдайы ауыр, 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.