• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Үкімет 17 Мамыр, 2022

Үкімет басшысы ветеринарлық қызметтің жұмысын регламенттеуді тапсырды

215 рет
көрсетілді

Ветеринарлық қызметтердің жұмысын регламенттеу және ара-жігін ажырату бойынша заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу қажет. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz. 

«Мал шаруашылығын дамыту нақты ветеринарлық бақылау вертикалін ұйымдастыруды қажет етеді. Ауыл шаруашылығы министрлігіне ветеринарлық қызметтердің жұмысын регламенттеу және ара-жігін ажырату, оларды материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету бойынша заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу жөніндегі жұмысты жандандыруды тапсырамын», деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысы тауарлық мал шаруашылығының өнімділігі негізінен селекциялық-асыл тұқымдық жұмысқа, яғни, мал басын асылдандыруға байланысты екендігін баса айтты.

«Осыған орай Ауыл шаруашылығы министрлігі субсидиялау жүйесін жетілдіру аясында осы бағытты дамытуға қатысты қолдау шараларын пысықтауы қажет», деді ол.

Аяна Тоғанбек