Жыл басталғалы бері Түркістан облысында жер қойнауын заңсыз пайдалануға қатысты 18 заң бұзушылық тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сондай-ақ 5 азамат тәртіптік жауапкершілікке, 16 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Мобильдік топпен жүргізілген рейдтік жұмыстар барысында 16 тасымалдаушыға 2 056 483 теңге көлемде айыппұл салынды.
Сондай-ақ 21 су қорғау белдеуінде орналасқан табиғат пайдаланушылардың келісім-шарттары уақытша тоқтатылып, 9 келісім-шарт мүлде бұзылған. 12 табиғат пайдаланушының тау-кен нүктелері өзгертіліп, су қорғау белдеуі аумағынан шығарылған.
«Биыл 12 іс құжаттар процесстік шешім қабылдау үшін полицияға жолданып, Қылмыстық Кодекстің 334-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Осы іс әрекеттерден қоршаған ортаға 3,7 млрд теңге залал келген», деді Түркістан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры Серік Әбдиев.