• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 17 Мамыр, 2022

Атырау облысында жолаушылар пойызы мотоцикл мінген ер адамды қағып кетті

314 рет
көрсетілді

Атырау облысында жолаушылар пойызы мотоцикл мінген ер адамды қағып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, оқиға 16 мамыр күні Құлсары – Бейнеу аралығында болды. Сағат 17.50-де күзетілмейтін реттелетін өткелде мотоцикл мінген ер адамды Атырау-Маңғыстау бағытында жүретін №314 жолаушылар пойызы қағып кеткен. Ер адам Құлсары қаласындағы ауруханаға жеткізілгенімен, сонда көз жұмды. ІІМ Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі болған оқиғаны растады.

«Аталған дерек Атырау станциясындағы желілік полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК 344-бабы 2-бөлігі (абайсызда адам өліміне әкеп соққан теміржол көлігі қозғалысының қауіпсіздік қағидаларын бұзу) бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды», деп хабарлады ведомстводан.