• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Әлем 17 Мамыр, 2022

Испанияда екі пойыз соқтығысып, 85 адам зардап шекті

246 рет
көрсетілді

Испанияда жүк және жолаушылар пойызы соқтығысып, машинист қайтыс болды, 85 адам жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Апат кешкі уақытта Барселонадан 15 шақырымдай жерде орналасқан Каталонияда болған. Калий тиеген жүк пойызы Испанияның солтүстік-шығысындағы Сан-Бой-де-Льобрегат стансасына кірген кезде рельстен шығып кеткен. Содан кейін вокзалдан шыққан жолаушылар пойызының алдыңғы жағына соқтығысқан.

Испания билігінің хабарлауынша, төтенше жағдайлар бригадасы жолаушылар пойызынан 100-ге жуық адамды эвакуациялауға көмектескен. Машинист көз жұмды, екеуі ауыр жарақат алды, қалғандары жеңіл жарақат алған.

Аяна Тоғанбек