• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 17 Мамыр, 2022

Референдум – қоғамдағы ең басты тақырып

1136 рет
көрсетілді

2022 жылғы 17 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасы талқыланды. Кездесу дөңгелек үстел форматында өтті.

Кездесуге келген ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Бекқали Торғаев, «AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалының атқарушы хатшысы Мейіржан Отыншиев және Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдум өткізуді қолдайтын «AMANAT» партиясының қалалық штабы төрағасының орынбасары Бақтияр Камалов, «AMANAT» партиясының Медеу аудандық филиалының басшысы Азат Ажиманов ҚР Президенті Архивінің ұжымымен конституциялық реформаның жобасын талқылады. Сондай-ақ іс-шараға Алматы көпсалалы колледжінің студенттері қатысты.

Дөңгелек үстелдің ашылуында Архив директоры Әлия Мұстафина 2022 жылғы 5 маусымда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша өтетін Қазақстан азаматтарының өз пікірін білдіретін жалпыхалықтық референдум – Жаңа Қазақстан үшін және болашақ ұрпақ үшін азаматтық жауапкершілігімізді көрсетудегі маңызды қадам екенін атап өтті.

Іс-шара барысында ҚР Парламент Мәжілісінің депаутаты Бекқали Торғаевқа Архивтің құжаттарын сақтау мен цифрландыру үрдісінің жұмыстары толық көрсетіліп, Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы референдумдардың тарихи құжаттары таныстырылды.

Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің қызметкерлері шара қонақтарына сауалдар қойып, өз пікірлерін айтты.

Қатысушылар кездесу қорытындысында ағымдағы жылдың 5 маусымында өтетін республикалық референдумға белсенді қатысатындарын жеткізді.

 

Нұрлан Тоқсабаев,

ҚР Президенті Архивінің қызметкері