• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Мамыр, 2022

Жер астынан жол шықты

524 рет
көрсетілді

Қостанай қаласының орталығында көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын бастап жатқан құрылысшылар жер қазу жұмыстары кезінде 2,5-3 метр тереңдікте көміліп жатқан кірпіштен қаланған ескі жерасты жолының үстінен шықты.

Жерасты тоннелінің биік­тігі жүрелеп отырған адам сы­йып кететіндей. Іші жартылай топыраққа толып, кірпіш қа­бырғасына ыс жабысып қа­­лыпты. Ыстың иісі шығып тұр.

Құрылысшылардың бірі бұрын металл құятын цех бол­ған шығар деп жорамалдаса, енді бірі Кеңес өкіметінің ал­ғашқы жылдары мұнда жыл­қы тұратын шаруашылық ғи­ма­раттары, одан кейін жөн­деу зауыты болғанын айтады. Соң­ғы жылдары бұл ашық алаң­­қай автотұрақ ретінде пай­даланылып келген. Не де бол­са, экс­­каваторшының ескі бір тарихи нысанды аршып ал­ғаны ақиқат.

– 5 апрель көшесінің арғы бетінде көпес Кияткиннің үйі тұр. Саудагер Қазан төң­керісі кезінде қымбат асыл қа­зы­на­сының бәрін осы ма­ңайға кө­міпті деген аңыз бар. Дұ­рыс­тап бәрін тексеріп, қараң­дар, қайдан білесің, мүмкін табылып қалар, – деді құрылыс басына жиналған тұрғындардың бірі.

Жер астынан шыққан жол­дың нақты қашан салын­ға­нын, нендей қызмет атқар­ғанын ал­дағы уақытта мамандар зерт­­теп, анық-қанығына жете жа­тар. Әзірше бізге бел­гілісі, бұл жерге 19 қабатты тұр­ғын үй салынатыны ғана.

 

Қостанай облысы