Қазақстанда 19-21 мамыр аралығында жауын жауып, қатты жел соғады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
«Алдағы үш тәулікте Қазақстанның солтүстік жартысында Солтүстік-батыс циклоны, оңтүстік өңірлерге Оңтүстік циклоны ауа райына ықпал етеді. Осыған байланысты еліміздің барлық аумағында жаңбыр жауады. 19-21 мамырда оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, 20-21 мамыр батыста, солтүстік-батыста толассыз жаңбыр жауады. Республика бойынша найзағай ойнап, бұршақ жауады, жел күшейіп, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады», делінген синоптиктердің хабарламасында.