• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 18 Мамыр, 2022

Тыйым салынған діни кітаптарды таратқан әйел жауапқа тартылды

499 рет
көрсетілді

Тыйым салынған діни әдебиеттерді таратқан павлодарлық әйел жауапқа тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодардың экстремизмге қарсы іс-қимыл тобының қызметкерлері интернетте мониторинг жүргізу барысында қолданушының парақшасынан діни мазмұндағы материалдары бар 39 аудиожазбаны анықтады.

«Тексеру іс-шаралары барысында 35 жастағы павлодарлық тыйым салынған контентті ашық жариялаған. Бұл факті бойынша дінтану сараптамасы жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік соты павлодарлық әйелге ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабы 2-бөлігі (Бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмiн, сол сияқты өзге де өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату) бойынша 20 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салып, әкімшілік жауапкершілікке тартты», деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.