• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
17 Сәуір, 2014

Сырдария сыр бермеді

342 рет
көрсетілді

Бұрнағы күні Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың төраға­лығымен қала және аудан әкімдерінің кеңей­тілген мәжілісі өтті. Жиында облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Руслан Ормағамбетов су тасқыны кезеңінің өту қорытындысы жөнінде баяндады. Ақпан айының соңына қарай Шардара су қоймасынан секундына 1050 текше метр су келіп тұрды. Бұл жағдай сең жүру кезінде біршама қиындықтардың туындауына әсер етті. Дегенмен, жұдырықтай жұмылудың арқасында сең облыс аумағынан еш қауіп тудырмай өтті. Әйткенмен, күтпеген оқиғаның Жаңақорған ауданында орын алғанын айта кеткен абзал. «Негізі Сырдария өзенінен қауіптендік. Биыл жауын-шашын көп болды. Сеңнің Сырдың арнасын жырмағаны еселі еңбектің өтеуі. Ал Қаратаудан аққан қарғын судың салдарынан зардап шеккен тұрғындарға сол мезетте көмек болатынын жеткізген едім. Шығын 29 миллион теңгенің шамасы екен. Бұл толығымен өтеледі», – деді Қырымбек Елеуұлы. Сондай-ақ, өңір басшысы келер жылдың қамын бүгіннен ойластыру қажеттігін ескертіп, Сырдария өзенінің бойындағы қауіпті деген аймақтардың бөгеттерін қалпына келтіруге осы бастан кірісуді тапсырды. Ержан БАЙТІЛЕС, «Егемен Қазақстан». ҚЫЗЫЛОРДА.