• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Өнер 18 Мамыр, 2022

Пикассо картинасы 67,5 млн долларға бағаланды

215 рет
көрсетілді

Пабло Пикассоның 1932 жылғы «Femme nue couchée» картинасы сейсенбі күні Нью-Йорктегі Sotheby's дебюттік аукционында 67,5 млн долларға сатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Nasdaq агенттігіне сілтеме жасап.

Пикассоның «Femme nue couchée» сюрреалистік картинасы француз тілінен «жалаңаш жатқан әйел» деп аударылған.

Картинада оның музасы Мария-Тереза Вальтер көп аяқты теңіз жаратылысы ретінде бейнеленген. Оның жүзуге деген махаббаты мен судағы сымбаты суретшіні теңізді бейнелеуге шабыттандырған.

Sotheby's аукцион үйінің айтуынша, Пикассоның өзі суда жүзе алмаған.