COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК 18 мамырға арналған Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуал туралы ақпарат берді. Өткен тәулікте коронавирустық инфекцияның жеті жаңа жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елімізде барлығы 1 305 667 жағдай расталды, оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласында - 3, Алматы қаласында - 3, Қарағанды облысында - 1.Сондай-ақ елде 9 адам коронавирустық инфекциядан арылды, оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласында - 5, Алматы қаласында - 4.Жалпы елде COVID-19-дан 1 291 922 адам сауығып шықты.