• RUB:
    4.76
  • USD:
    526.11
  • EUR:
    542.31
Басты сайтқа өту
17 Сәуір, 2014

Уланған сарбаздың саны 52-ге жетті

373 рет
көрсетілді

«Сәуір болмай тәуір болмас», деген мақал қызылордалық сарбаздардың сипатын ашпай тұр. Ел газетінің бетінде Қы­зыл­ордадағы №55/47 әскери бөлімінің 36 сарбазы уланып, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына түскенін жазғанбыз. Енді олардың саны 52-ге жетіп отыр. Ауруханаға жатқызылған әске­ри қызметшілер толыққанды тиісті ем қабылдауда және маман-дәрігерлер мен медициналық қыз­меткерлердің тұрақты бақы­лауына алынған. Олардың хал-жағдайы қалыпты жағдайда, дейді дәрігерлер. Әскери бөлім қызметшілерін облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының ин­фек­ционист-дәрігерлері тарапы­нан медициналық бақылау ұйымдастырылған. Бүгінде олар дәрігерлердің бақылауына алынған. Осыған дейін әскери бөлімде ауыз су, тамақ өнімдеріне бак­териологиялық зерттеулер үшін сараптама жасалған болатын. Сонымен қатар, сыртқы су-құбыр жүйелеріне техникалық тексеріс жүргізілді. Бүгінгі таңда эпидемияға қар­сы барлық тиісті шаралар қолға алынып, санитарлық-эпиде­мио­логиялық жағдайды бақылау қатаң қадағаланып отыр. Ержан БАЙТІЛЕС, «Егемен Қазақстан». ҚЫЗЫЛОРДА.