• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Мамыр, 2022

Балқаш көлінен жүзден аса браконьерлік ау табылды

205 рет
көрсетілді

Қарағанды облысының табиғатты қорғау полициясы Балқаш көлінің түбін қараусыз қалған торлардан тазартуды жалғастыруда, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицейлер табиғат қорғаушылармен бірге Тасарал шығанағында жұмыс істеді. Олар Балқаш көлінің осы учаскесінде көлдің түбі мен оған іргелес аумақты тасталған балық аулау торларынан тазартты.   «Тормен балық аулау су объектілеріне үлкен зиян келтіреді. Гүлденген, балыққа толы көл бірнеше жылдан кейін күйдірілген шөлге айналады. Мәселе тек осымен шектелмейді. Браконьерлер өз торларын жиі қалдырып кетеді», дейді Қарағанды облысы ПД ЖПҚБ табиғатты қорғау полициясы бөлімінің бастығы Ерболат Изатов.   Нәтижесінде, торға оралған балық өліп тоғанды ластайды. Тек бір күннің ішінде Балқаш көлінің 45.1 учаскесінде осындай 150-ден астам браконьерлік тор жиналды, бұл шамамен 15 км сымнан тоқылған тор.