• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 19 Мамыр, 2022

Дағдарыстан шығынсыз шығу керек – Қасым-Жомарт Тоқаев

309 рет
көрсетілді

Бұл туралы Мемлект басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бәсекеге қабілетті тауар нарықтарының шамадан тыс бағалық реттелуі елді жеке инвестициялардан айырады. Нәтижесінде мемлекет осындай салаларға инвестиция салуға мәжбүр, сөйтіп бизнестегі ісі бұлыңғыр, икемсіз операторлардың санын арттырады. Өте мұқият болу керек және нарықтық экономиканың негізгі принциптерінен ауытқымау қажет. Бұл тауар нарықтарына да, табиғи монополиялар қызметтерінің тарифтеріне де қатысты», деді Президент.

Бұдан соң, Мемлекет басшысы инвестициялық ахуал туралы айтып, осындай күрделі жағдайлардың өзінде де Еуроодақтан, АҚШ-тан, Қытайдан, тек қаржылық қана емес, кең технологиялық құзыреттері бар басқа да елдерден инвестициялар көлемін сақтау және ұлғайту үшін бар күш-жігерді жұмсайтынын атап өтті.

«Бауырлас Түркия мен Орталық Азия елдері маңызды сауда-инвестициялық серіктестерге айналып келеді. Жолға қойылған байланыстар мен тізбектерді сақтай отырып, қазіргі дағдарыстан шығынсыз шығу керек. Бұл жұмысты жандандыру қажет, бірақ әрине санкциялар контекстін де ескерген жөн», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.