• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Коронавирус 20 Мамыр, 2022

Коронавирус маусымдық инфекцияға айналуы мүмкін - сарапшылар

339 рет
көрсетілді

Роспотребнадзордың Орталық ғылыми-зерттеу эпидемиология институтының директоры Василий Акимкин коронавирус инфекциясы маусымдық ауруға айналуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz  РИА Новости-ге сілтеме жасап.

«Коронавирустың маусымдық разрядқа өтуі әбден мүмкін. Содан кейін біз жыл сайын тұмаудағы сияқты оған вакцина таңдап, салдырамыз», деді сарапшы «Жұқпалы аурулар – өзекті проблемалар, емдеу және алдын алу» VIII ведомствоаралық ғылыми-практикалық конференция барысында.

Оның айтуынша, қазір отандық ұлттық мәліметтер базасы қалыптасқан. Онда коронавирустың 130 мыңнан астам геномы бар. Бүгінде «Омикрон» штамының 45-тен астам мутациясы кездеседі.

«Әлемдік практикада тіркелген барлық генонұсқа Ресей аумағында болды. Алайда олардың тек екеуі – «Дельта» мен «Омикрон» ғана көп таралды», деді Василий Акимкин.