21 мамыр – Қазақстанның мәдениет және өнер қызметкерлері күні. Осы орайда Мемлекет басшысы мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Ел идеологиясы мен жаңғыруында орны айрықша осы саланың барлық майталманын кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Сіздерге шығармашылық табыс тілеймін!», деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Тwitter-де.
Сонымен қатар Президент тиісті министрлікке «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағын қайтаруды қолға алу туралы тапсырма бергені жайлы жазды.