• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 23 Мамыр, 2022

Ақмола облысында үш жасар бала терезеден құлап кетті

335 рет
көрсетілді

Нұр-Султан қалалық балалар ауруханасының нейрохирургия бөлімшесіне терезеден құлаған үш жасар бала жатқызылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

21 мамыр күні сағат 16:00 шамасында кәмелетке толмаған бала үйде жалғыз қалып қойып, төртінші қабаттың терезесінен құлап кеткен. Бұл кезде баланың анасы азық-түлік дүкенінде болғаны анықталды.

Тексеру барысында оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталатын болады.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері отбасы еш жерде есепте тұрмайтындығын анықтап жатыр.