Әртістік жүзуден Қазақстан құрамасы Грекияда өтіп жатқан әлем кубогінің суперфиналында 4 медаль еншіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ұлттық олимпиада комитеті хабарлағандай, Афиныда өткен екі күндік бәсекеде Қазақстан құрамасы жалпы саны 1 күміс және 4 қола медаль алды.
Қазақстан әйелдер құрамасы еркін жаттығуда 81,5333 балл жинап, күміс жүлдеге ие болды. Ал әйелдер арасында техникалық бағдарлама мен аралас командалардың еркін комбинация сайысында қос қола бұйырды.
Ерлер арасында жекелей сында қазақстандық спортшы Эдуард Ким 74,8478 ұпаймен суперфиналдың қола жүлдесіне ие болды. Жұптық техникалық сында Эдуард Ким мен Жаклин Якимованың өнері 78.2740 балға бағаланып, қоржынға төртінші қола медаль түсті.
Айта кетейік, әртістік жүзуден әлем кубогінің суперфиналына 23 елден 137 спортшы қатысты.