• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
17 Сәуір, 2014

Батыс Қазақстанда үш адам қаққан экс-шенеунікке кешірім жасалды

315 рет
көрсетілді

Көлігімен үш адамды қағып, іле ізін жасырмақ болған Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімінің бұрынғы орынбасары Абзал Бірәлиев әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады. Батыс Қазақстан облысы ішкі істер департаменті әкімшілік басқармасының таратқан мәліметіне қарағанда, кінәліге үш жәбірленуші де кешірім берген. Олар сот-медициналық сараптамадан өтуден бас тартып, өздерінің Бірәлиевке қояр ешқандай талаптары жоқ екенін жеткізген. Көлікке қағылған үшеудің бірі – 9 жасар бала екен. Жәбірленушілердің жұмсақ көңілінің арқасында А.Бірәлиев ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 467-бабы 3-бөлімі  және 469-бабы  бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл баптарда көлікті мас күйінде басқару, жол-көлік оқиғасын жасау және жол-көлік оқиғасы болған жерден бой жасыру секілді мәселелер қаралатынын ескерте кетейік. Естеріңізге салсақ, А.Бірәлиев 6 сәуір күні «Тойота Камри 50» маркалы көлігін мас күйінде басқарып, соның кесірінен  үш бірдей адамды қағып кеткен-ді. Осы оқиғадан кейін ол «Нұр Отан» партиясы қатарынан шығарылып әрі және қызметінен босаған. Жолдыбай Базар. Дереккөз: «ҚазАқпарат». Фото: Tengrinews.kz.