• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 24 Мамыр, 2022

Өткен жылы елімізде 446 мың сәби дүниеге келген

720 рет
көрсетілді

Коронавирус өршіген 2020 жылдан бастап Қазақстанда бала туу көрсеткіші артқан, деп хабарлайды Egemen.kz Energyprom порталына сілтеме жасап.

Қазақстандағы беби-бум 2020 жылы басталды. Сол кезде елімізде 426,8 мың бала дүниеге келген еді. Дегенмен 2021 жылы бұл рекорд бұзылып, дүниеге келген сәбилер саны бір жыл бұрынғы көрсеткіштен - 4,6 пайызға, ал 2019 жылғы көрсеткіштен - 11 пайызға артық. 446,5 мың бала дүние есігін ашты.

Осы жылдың үш айында ғана республикада 95,6 мың баланың туу туралы куәлігі тіркелді. Демек, осыдан екі жыл бұрын басталған беби-бум жалғасып жатыр деген сөз. 2021 жылы туу коэффициенті де жаңа рекорд орнатты: 10 мың тұрғынға шаққанда 235 сәби дүниеге келген. 

Салыстырмалы түрде айтар болсақ, осыдан 20 жыл бұрын 10 мың тұрғынға есептегенде туу көрсеткіші 149 сәби болатын. Мұның үстіне туудың жиынтық коэффициенті 3,32-ге жетті. Яғни, бір әйелге 3-тен көп баладан келеді. Мұндай рекорд елімізде тек соңғы 2 жылда тіркеліп отыр. Бұл коэффициент 1999 жылы небәрі 1,8 болатын. Бір қызығы, 2021 жылы 125,1 мың бала көпбалалы отбасында дүниеге келген.

Ал елімізде 4 және одан да көп баласы бар отбасы көпбалалы деп саналады. Сонымен қатар дүние есігін ашқан 95 мың сәби 10-шы не одан кейінгі бала саналады.