• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қазақстан 24 Мамыр, 2022

Қазақстанда теміржол қозғалысы қауіпсіздігін бұзғандарға жаза күшейтіледі

513 рет
көрсетілді

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерін бұзғаны үшін жазаны қатаңдатуды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«ҚТЖ теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерін бұзғандарға жазаны қатаңдатуды ұсынды. Бұл Әділет министрлігінде қаралып жатыр», деп хабарлады ҚТЖ - «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының қауіпсіздік жөніндегі атқарушы директоры Бақытбек Алдажаров.

Ұлттық компания теміржол бойымен белгіленбеген жерлерде өтетін адамдарға қатысты әкімшілік-қылмыстық жауапкершілікті қатаңдату мақсатында осындай ұсыныс енгізді.