Биыл еліміздегі салалық бағдарламалар саны 44-тен 14-ке дейін кемітілмек. Аталған мәселе Парламент Сенатындағы Үкімет сағатында талқыланды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаевтың айтуынша, 2013 жылы министрлік тарапынан қолданыстағы мемлекеттік және салалық бағдарламалар жаппай тексерілген. Қазір тиісті орындар тексеру қорытындыларын іске асыруда.
Нақтылай айтқанда, аймақтарды өркендетуді мақсат еткен шаралардың тиімділігін күшейту үшін 5 салалық бағдарлама Өңірлерді дамытудың бірыңғай бағдарламасына енгізілмек. Ал индустриялық-инновациялық саясатты одан ары алып бару үшін 14 салалық бағдарлама Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасына кіреді. Бұған қоса, шағын ведомстволық сипаттағы бағдарламалар мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына енеді. Осының нәтижесінде биыл салалық бағдарламалар саны 14-ке кемімек.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: «ҚазАқпарат».
Фото: youtube.com.