• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 24 Мамыр, 2022

Адамдардың өмір сүру ұзақтығы екі жылға қысқарды - ДДҰ

545 рет
көрсетілді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Ресейдегі өкілі Мелита Вуйнович коронавирус пандемиясы кезінде адамдардың өмір сүру ұзақтығы екі жылға қысқарғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«ДДҰ өлім-жітімді есептеу туралы жаңа есебін жариялады, ол пандемия кезінде әлемдегі адамдардың өмір сүру ұзақтығы екі жылға қысқарғанын анық көрсетеді», деді ДДҰ-ның Ресейдегі өкілі.

IV Халықаралық «Health age. Белсенді ұзақ өмір сүру» конгрессінде сөз сөйлеген Вуйнович қазіргі уақытта өмір сүру ұзақтығы 72 жарым жылдан 71 жасқа дейін төмендегенін айтты. Төмендеу 1950 жылдан бері алғаш рет байқалған.

ДДҰ өкілі атап өткендей, коронавирустық инфекциямен ауыру әлемнің 70 елінде әлі де өршіп тұр. ДДҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейюс бұл мемлекеттердің басым бөлігі шектеу шараларын алып тастағанынан болып жатқанын түсіндірді.