Қызылорда облысындағы «Бота» қайырымдылық қорынан екі жыл бойына 27 млн. теңгеге жуық қаржының қолды болғаны анықталды. Бұл туралы Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғамдық қордың ақшалай қаражатын тексеру жұмыстары қоғамдық ұйым басшылығының Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасына жасаған шағымы бойынша жүргізілді. Осының нәтижесінде полицейлер «Келісілген ақшалай жәрдемақылар бағдарламасы» кеңсесінің қызметкерлерінің үстінен қылмыстық іс қозғады.
Тергеу-тексеру барысында белгілі болғандай, күдіктілер 2012-2013 жылдары облыс азаматтарына ақшалай жәрдем беру үшін жасалған банк карточкалары арқылы әрекет еткен. Осының салдарынан аталмыш қор 26 млн. 760 мың теңге көлемінде зиян шеккен. Ал тұрғындар күдіктілерге құжаттарын өз еріктерімен берген. Бірақ құжаттарының қор қызметкерлеріне не үшін керек болғанына назар аудармаған.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.
Фото: Каpital.kz.