• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
17 Сәуір, 2014

Еуразиялық экономикалық комиссия маңызды мәселелерді талқылады

278 рет
көрсетілді

Кеше, 16 сәуір күні Ресей Федерациясының астанасы – Мәскеу қаласында болып өткен Еуразиялық экономикалық  комиссияның кезекті кеңесінде маңызды деген мәселелер тағы бір пысықталды. Аталған жиынға Қазақстан тарапынан Премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев қатысты. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады. Басқосуда Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ең маңызды деген мәселелер жан-жақты талқыға түсті. Әсіресе, интеграцияны одан ары дамыту және тараптардың мүдделерін ескеру тұрғысында кеңінен сөз қозғалды. Бұған дейін  айтылып жүргендей, мұнай және мұнай өнімдері, газ тасымалдау, көлік тасымалы салаларына және темір жол тарифтері мен ауыл шаруашылығын мемлекет тарапынан қолдау ісіне байланысты жұмыла жұмыс істеу әңгіме арқауына айналды. Сондай-ақ, алқалы жиында сауда істері, санитарлық-фитосанитарлық шараларға да көңіл бөлінді. Бұған қоса, табиғи монополия, транспорт, энергетика салаларында және бәсекелестікті дамыту ісінде бірлесе әрекет ету туралы да пікірлер ортаға салынды. Жалпы, басқосу қорытындысы бойынша экономика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, валюта кеңістігі, қаржылық қозғалыстар жөніндегі жағдаяттарға қатысты өзара түсіністікке қол жеткізілді. Жолдыбай Базар. Дереккөз: ҚазТАГ. Фото: Strategy.kz.