• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
17 Сәуір, 2014

Еліміздің мемлекеттік органдары Голландия тәжірибесін қолданады

292 рет
көрсетілді

Қазақстанда мемлекеттік органдарда персоналды басқару жүйесін автоматтандыруда Нидерландының P-Direkt компаниясының тәжірибесі пайдаланылатын болады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Мұның жайы бүгін, 17 сәуір күні Астанада «Мемлекеттік қызмет секторында адами ресурстарды басқарудың автоматтандырылған жүйелері» тақырыбында өткен семинар барысында белгілі болды. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Еуропа одағы «Қазақстан үкіметі мемлекеттік қызмет реформасы және модернизациясы» жобасының қолдауымен өткізілген семинарда агенттік төрағасы Әлихан Бәйменов осының жаын сөз етті. «Мемлекеттік қызметте заманауи технологияларды пайдалануда біздің еліміз әлемдегі озық тәжірибелерді зерделеуде. Бұл ретте Нидерланды үкіметі ең алдыңғы орында. Сол себептен де, біздің мамандарымыз Нидерландыға барып, P-Direkt мемлекеттік компаниясының жұмысын зерттеп, міне бүгін барлық министрліктердің персоналды басқару  қызметтерінің өкілдерін жинап, мемлекеттік органдарда осы «е-қызмет» жүйесі қалай дамуы керек, ол не береді, қандай артықшылықтары бар деген бағытта семинар өткіздік» деді Әлихан Бәйменов. Мемлекеттік қызметте адам ресурстарын үнемдеп, оларды мазмұнды жұмысқа бағыттауға мүмкіндік беретін «е-қызмет» жобасын енгізудің дайындық жұмыстары елімізде осыдан 3 жыл бұрын қолға алынған болатын. Қазіргі кезеңде негізгі дайындықтың соңғы кезеңі өтуде, ал 2015 жылдан бастап, пилоттық режімде  осы қызмет ене бастайды. Анар Төлеуханқызы. Дереккөз: egemen.kz. Фото: ҚазАқпарат.