Қазақстандық жас теннисші Заңғар Нұрланұлы 14 жасқа дейінгілер арасында Еуропа рейтингісінде бес ай бойы көш бастап тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткендей, Tennis Europe ұйымы биылғы күзде Монте-Карло қаласында өтетін Junior Masters жарысына орай жаңартылған рейтингті жариялады. Қазақстандық Заңғар Нұрланұлы 520 ұпаймен бірінші орында тұр. Дамир Жалғасбай 42-ден 34-орынға жоғарылады. Тағы бір қазақстандық Даниэль Тазабеков 44-сатыға жайғасты.
Қыздар арасында Софья Исакова үздік жүздікке енді. Ал Ева Корышева 560-тан бірден 328-орынға көтерілді.