Қостанай қаласындағы дәмханалардың бірінде астыртын жұмыс істеген покер клубының қызметі әшкере болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заңсыз деректі Қаржы мониторингі агенттігі Қостанай облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері анықтаған.
«Рұқсат етілмеген ойын мекемесін тексеру кезінде табылған заттай айғақтар, атап айтқанда «Покер» ойынына арналған кәсіби үстел, фишкалар, карталар және қолма-қол ақша сот үкімі негізінде жойылды. Сонымен қатар астыртын жұмыс істеген покер клубының ұйымдастырушылары мен сыбайластары Қылмыстық кодекстің 307-бабында көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оларға 2 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», делінген хабарламада.
Аяна Тоғанбек