Сәуірдің 17-сінен 18-іне қараған түні Мексикада әлемдік деңгейдегі жазушы, Нобель сыйлығының лауреаты Габриэль Гарсиа Маркес қайтыс болды. Бұл туралы жергілікті БАҚ материалдарына сүйенген ВВС хабарлады.
Бұдан бірнеше сағат бұрын колумбиялық жазушы Мехико ауруханасынан үйіне шығарылған екен. Танымал қаламгер мұнда ауруы өкпе инфекциясы мен организмнің мұздауына байланысты ем алды. Ем антибиотиктер арқылы жасалды.
Габриэль Гарсиа Маркес – колумбиялық белгілі қаламгер, жазушы, журналист, баспагер, Нобель сыйлығының 1982 жылғы лауреаты.
Маркес әдебиеттегі «магикалық реализм» деп аталатын бағыттың өкілі және Латын Америкасы мен әлем әдебиетінің жиырмасыншы ғасырдағы көрнекті шебері болып табылады. Оның таңдаулы шығармалары арасында «Жүз жылдық жалғыздық», «Патриархтың күзі» және «Полковникке ешкім хат жазбайды» романдары бар.
Мұрат Айтқожа.
Дереккөз: ВВС.