• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Мамыр, 2022

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты облыстық-аймақтық конкурс өтті

477 рет
көрсетілді

Бүгін Түркістан облысы, Жетісай ауданында «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты облыстық-аймақтық конкурс өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Балалар жылы» аясында ұйымдастырылған конкурс балалар жазушысы Бейсенбай Сүлейменовтің шығармаларына арналды. Байқауға Сарыағаш, Келес, Шардара, Мақтаарал және Жетісай аудандарындағы мектептердің үздік оқушылары қатысты.

Жүлделі орындарға ие болған балаларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар, жазушы Бейсенбай Сүлейменовтің кітаптары тапсырылды. Бұл әдеби шара жыл сайын өткізіліп тұратын болды.

Айта кетсек, әдеби байқау жазушы оқыған «Мақталы» кеңшарындағы бұрынғы А.П.Чехов, қазіргі Кенесары хан атындағы мектепте өтті.