Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) қазіргі басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус екінші мерзімге қайта сайланды, деп хабарлайды Egemen.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Бас директор – ДДҰ-ның денсаулық сақтау саласындағы халықаралық қызметін қадағалайтын бас әкімшілік тұлға. Гебрейесус 2017 жылдан ДДҰ бас директор қызметін атқарып келді.
ДДҰ бас директорын екінші бесжылдық мерзімге тағайындау үшін атқарушы комитет Женевадағы 150-ші сессияда Гебрейесустың кандидатурасын қарайды. Сайтта шешім 22-28 мамыр аралығында ассамблеяда жасырын дауыс беру арқылы қабылдануы керектігі көрсетілген.
Сайлау процесі өткен жылдың сәуір айында басталған. Қаңтарда ДДҰ-ның Атқарушы кеңесі бұл лауазымға жалғыз үміткер болған Тедрос Адханом Гебрейесусты ұсынды.
Гебрейесустың жаңа өкілеттік мерзімі 16 тамызда басталады.
Ұйымның ережесі бойынша ДДҰ бас директоры тек бір рет қайта сайлана алады.
Гүлдана Елубай