• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 25 Мамыр, 2022

Синоптиктер алдағы үш күннің ауа райын болжады

152 рет
көрсетілді

Қазгидромет мамандары Қазақстандағы 26, 27 және 28 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Екатеринбург аймағынан шыққан Циклон, республика аумағы бойынша солтүстік-шығысқа қарай жылжуын жалғастырады және елдің солтүстік, орталық, оңтүстік аймақтарында тұрақсыз ауа райын сақтайды.

«26 мамырда солтүстік-батыста, 27-28 мамырда оңтүстік пен оңтүстік-шығыста, 28 мамырда орталықта найзағай мен желдің күшеюі, бұршақ жаууы мүмкін.

Солтүстік-батыс антициклонның басып кіруіне байланысты, батыста жауын-шашынның тоқтауы, қалған аумақтарда ауа температурасының төмендеуі күтіледі. 26 мамырда түнде және таңертең батыста, 27-28 мамырда солтүстік-батыста, солтүстікте топырақ бетінде 2 градусқа дейін аяз болуы мүмкін», делінген «Қазгидромет» хабарламасында.