• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Мамыр, 2022

Әуе компаниялары ұшуға тыйым салынған жолаушылардың тізімін жасай алады

191 рет
көрсетілді

Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Мәжілісте айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Авиакомпанияларға әуе тасымалы шектелген адамдардың жеке тізілімін жүргізуге мүмкіндік беретін норма енгізіледі. Алайда азаматтар мұндай тізімге тек ұшақ бортындағы құқықбұзушылық үшін және оларды қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тарту нәтижесінде кінәсі дәлелденген жағдайда ғана енгізіледі», деді Қ. Өскенбаев Мәжіліс отырысында.

Оның айтуынша, халықаралық тәжірибені назарға ала отырып, заң жобасында «әділ мәдениет» (Just Culture) ұғымын енгізу көзделген. Оның негізгі қағидаты – азаматтық авиация саласындағы қасақана бұзушылықтарға немесе немқұрайлы мінез-құлыққа төзбеушілік.

«Сондай-ақ заң жобасында Жер кодексіне оны авиациялық заңнамамен байланыстыру үшін және ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін қызметке рұқсат бермеу туралы өзгерістер енгізу көзделген. Әуеайлақтан 15 км радиуста ферма, мал сою алаңдарын және басқа да объектілерді салу, ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыру, егер олар құстардың жаппай жиналуына жағдай жасамаса және ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндірмесе, мүмкін болады»,  деп түсіндірді Қ. Өскенбаев.

Айта кетейік, Мәжілісте «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Заң жобасы Қазақстан Республикасының 4 кодексі және 16 заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізуді көздейді.