Техас штатының Ювалд қаласында (АҚШ) болған атыстан 14 мектеп оқушысы мен бастауыш сынып мұғалімі қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz CNN сайтына сілтеме жасап.
Қала губернаторы Грег Эббот оқ атқан 18 жастағы жергілікті тұрғын екенін айтты.
Телеарна мәліметінше, атыс ұйымдастырушысы мектеп ауласына көлікпен келіп, ғимарат ішіне оқ жаудырған.
Полиция өкілі Пит Арредондо күдікті жалғыз әрекет еткенін, мектепке барар алдында әжесін атып өлтіргенін айтты.
Аяна Тоғанбек