• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
18 Сәуір, 2014

Анттың әр сөзі зор жауапкершілік

341 рет
көрсетілді

Саяси мемлекеттік қызметшілер Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың алдында ант берді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Қазақстан халқы мен Пре­зи­дентіне Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Б.Бекназаров, Рес­пуб­ли­калық бюджеттің атқа­рылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Қ.Жаң­быр­шин, Президент Күзеті қызметінің бас­тығы Ә.Садықұлов, бірқатар Үкімет мүшелері мен облыс әкім­дері салтанатты түрде ант берді. Мемлекет басшысы берілген анттың әр сөзі зор жауапкершілік жүктейтінін атап өтті. – «Қазақстан-2050» Стра­тегиясы және әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылу жөніндегі мақсатымыз аясында мемлекет алдына биік міндеттер қойып отыр. Сондықтан сіздердің әрқайсыңыз өз салаларыңыз бойынша жүк­телген міндеттерді ең жоғары дең­гейде орындауға тиіссіздер. Сіздердің парыздарыңыз ел экономикасын жақсарту, әрбір өңір тұрғындарының әл-ауқатын арттыру, халықтың бірлігін сақтау болмақ. Егер әркім өз жұмысын ойдағыдай атқаратын болса, біз алға қойған барлық мақсаттарға қол жеткізе аламыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. ----------------------------------------- Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.