Шымкенттік полицейлер жол ережесін бұзғандарды жауапқа тартты, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желілерді бақылау барысында бірнеше видео анықталды, онда түлектер мінген кортеждер жол қозғалысы ережесін бұзған.
Шымкент қаласы ПД жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері Hundai Accent, Toyota Land Cruiser және Toyota Camrу автокөліктерінің жүргізушілерін ҚР ӘҚБтК-нің 590, 593 және 606 баптары бойынша жауапкершілікке тартты.
Жалпы, 25 мамырда Шымкент қаласының патрульдік полицейлері жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 132 жүргізушіні әкімшілік жауапқа тартты. Оның ішінде 10 автокөлік айыптұрағына қойылды.
Полицейлер жүргізушілерге өзінің және жол қозғалысының басқа қатысушыларының қауіпсіздігі үшін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.