• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Қоғам 26 Мамыр, 2022

Жануарлардың күтімін бақылайтын инспекторлар пайда болады

260 рет
көрсетілді

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі 2022 жылғы 20 мамырдағы бұйрығымен жануарларға жауапты қарау саласында қоғамдық бақылау жүргізу қағидаларын бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ережеге сәйкес, жануарларға жауапты қарау саласындағы қоғамдық бақылауды қоғамдық инспекторлар мен коммерциялық емес ұйымдар жүзеге асырады, олардың жарғысында аталған қызметті жүзеге асыру қағидалары қарастырылған.

Қоғамдық бақылау өтеусіз және ерікті негізде жануарларды оңалту орталықтарында, аулау қызметтерінде, жанаспалы хайуанаттар бақтарында, жануарларға арналған баспаналарда, зоологиялық питомниктер мен қонақ үйлерде, жануарларды уақытша ұстау пункттерінде, жылжымалы менагерьлерде, цирктерде, хайуанаттар парктерінде жүргізіледі.

Қоғамдық бақылауды жүзеге асыру кезінде жануарларға жауапты қарау саласындағы инспекторлар мен коммерциялық емес ұйымдарға жануарларды уақытша ұстау пункттерінің, жануарларға арналған паналардың және жануарларға қарау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын басқа да ұйымдардың аумағына, үй-жайларына кіру қамтамасыз етіледі.

Бұйрық 2022 жылғы 24 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.