Кеше Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Б.Ә.Бекназаровтың басшылығымен Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Отырыста сот жүйесінің ұйымдастыру-кадрлық мәселелері қарасты-рылды. Отырыс қорытындысы бойынша Жоғары Сот Кеңесінің тиісті шешімдері қабылданды және ұсынымдары берілді.
Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқық бөлімі.