• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Әлем 26 Мамыр, 2022

Әлемде коронавирустан 6,2 млн адам қайтыс болды

277 рет
көрсетілді

Коронавирус пандемиясы басталғалы бері әлемде аталған індеттен 6,2 млн адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz ВАК-тың телеграм каналына сілтеме жасап.

АҚШ-тың Джонс Хопкинс университетінің мәліметіне сәйкес, пандемия басталғаннан бері әлемде коронавирус инфекциясының тіркелген жағдайларының саны бүгінде 527 339 770 жетті.

Қауіпті індеттен 6 283 025 адам қайтыс болды. Инфекцияның 20 миллионнан астам жағдайы анықталған елдер қатарына АҚШ, Үндістан, Бразилия, Франция, Германия және Ұлыбритания бар. Коронавирусты жұқтырған және одан көз жұмғандар саны:

АҚШ - 83 706 662 және 1 003 743,

Үндістан - 43 144 820 және 524 525,

Бразилия - 30 851 191 және 666 261,

Франция - 29 605 798 және 149 095,

Германия - 26 198 811 және 138 779,

Ұлыбритания - 22 462 129 және 178 973.