• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Парламент 26 Мамыр, 2022

Сенаторлар зияткерлік меншік туралы заң жобасын талқылады

373 рет
көрсетілді

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыс өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Отырыс барысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік және мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланды.

Комитет төрағасы Владимир Волков заң жобасы бойынша жұмыс осы саладағы заңнаманы жетілдірудегі кезекті қадам екенін атап өтті.

«Заң жобасымен ұжымдық ұйымдар қызметінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға, жаңа «географиялық нұсқамалар» объектісін енгізуге, тіркелмеген өнеркәсіп үлгілерін қысқа мерзімді қорғауға бағытталған түзетулер мен өзгерістер ұсынылып отыр. Бұл жаңалықтар отандық тауар өндірушілердің қызмет аясын кеңейтуге мүмкіндік береді», деді сенатор.

Заң жобасы сонымен қатар құқық иеленушілерді қорғауды күшейтуге де бағытталған. Мысалы, заң жобасымен енгізілетін, тіркелмеген өнеркәсіп үлгілерін қысқа мерзімді қорғау туралы ереже сенаторлардың айтуынша, құқық иеленушілерді түпнұсқа бұйымдардың сыртқы түрін тікелей көшіруден қорғауға мүмкіндік береді. Құжат сондай-ақ мемлекет кепілдік берген заң көмегіне құқығы бар тұлғалар тобын кеңейтуді көздейді.

Комитеттің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша заң жобасын Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылданды.

Аяна Тоғанбек