• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 27 Мамыр, 2022

СІМ Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға экстрадициялау туралы пікір білдірді

339 рет
көрсетілді

Сыртқы істер министрлігі өкілі Қытай түрмесінде өмір бойы жазасын өтеп жатқан қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

СІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға беру мәселесі пысықталып жатыр.

«Қазір екі елдің бас прокуратурасы арасында жаза мерзімін одан әрі өтеу үшін оны Қазақстанға беру мүмкіндігіне қатысты тиісті жұмыстар жалғасып жатыр», деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазақстандық дипломаттар Ақжарқын Тұрлыбаймен үнемі байланыста.

«Ол ағылшын және қытай тілдерін үйреніп жатыр. Денсаулығына қатысты шағым жоқ, көңіл күйі қалыпты», делінген СІМ хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін Адвокат Сұңқар Нұрмағамбетов Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты мән-жайды түсіндірген болатын.

Оның айтуынша, Қытай түрмесіне өмір бойына сотталған қазақстандықты экстрадициялау туралы ойлау әлі ерте. Мәселе әлі шешілген жоқ.