• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Экология 28 Мамыр, 2022

Каспий жағалауында тағы бір итбалықтың өлексесі табылды

221 рет
көрсетілді

Каспий жағалауында итбалықтың өлексесінің видеосын куәгерлер видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Итбалықтың өлексесін Ақтау тұрғыны 26 мамыр күні «Шора» су каналына жақын аумақтан көрген.

Видео авторының айтуынша, итбалықтың денесі шіри бастаған, оның құрйғы жоқ.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі 27 сәуірде Каспий теңізінің Маңғыстау бөлігінің жағалауын зерттеуді жалғастыру барысында 94 өлі итбалықтың табылғанын хабарлаған.

Кейінірек тағы 64 итбалықтың өлігі табылды. Кейінірек Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласының жағалауында жергілікті тұрғын итбалықтардың екі өлексесін тауып алды.