• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 28 Мамыр, 2022

Маймылшешек Еуропаның тағы бір елінде анықталды

311 рет
көрсетілді

Финляндияда 27 мамырда алғаш рет маймыл шешегі тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz РИА Новости порталына сілтеме жасап. 

Инфекция Еуропада жүрген ер адамнан табылды. Науқас қазір жазылып келеді.  Ауруға күдік барын 25 мамырда хабарлаған.

Маймыл шешегі - адамдарға жануарлардан берілетін, 1970 жылдары Конго Демократиялық Республикасында тіркелген сирек кездесетін вирустық зоонозды ауру. Симптомдарына бас ауруы және тері бөртпелері жатады. Бөртпе беттен басталып, дененің қалған бөлігіне тарайды.

Еске салайық, бұған дейін ДДҰ маймыл шешегі ауруын талқылау үшін сарапшылардың төтенше жиналысын шақырған болатын. Сонымен қатар, ұйым өкілі Африкадан тыс жерлерде маймыл шешек вирусына қарсы жаппай вакцина алудың қажеті жоқ деп санайтынын жеткізген еді.

ДДҰ мәліметінше, әлемде аурудың 200-ге жуық расталған жағдайы тіркелген, бірақ іс жүзінде олардың саны едәуір көп болуы мүмкін.