• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 29 Мамыр, 2022

Әлемнің 33 елінде балаларға жедел жұғатын белгісіз гепатит анықталды

229 рет
көрсетілді

Бұл белгісіз гепатиттен 650-ге жуық бала зардап шегіп үлгерген. Инфекцияның ең көбі Ұлыбритания мен АҚШ-та тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz dw.com сайтына сілтеме жасап.

Сәуір айының басынан тарай бастаған белгісіз гепатит 33 елдегі 650 баладан анықталды. Ең көп жұқтырған жеткіншектер Ұлыбританияда тұрады (222) және АҚШ-та (216). Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарлауынша, Тынық мұхитының батыс бөлігі, Оңтүстік-Шығыс Азия және Шығыс Жерорта теңізі елдері де жаңа гепатиттен зардап шеккен. Инфекция Аргентина, Австрия, Бельгия, Болгария, Канада, Кипр, Дания, Франция, Греция, Индонезия, Ирландия, Израиль, Италия, Жапония, Мальдив, Мексика, Молдова, Нидерланды, Норвегия, Палестина автономиясы, Панама, Польша, Португалия, Оңтүстік Корея, Румыния, Сербия, Сингапур, Словакия, Словения, Испания және Швеция елдерінде байқалған. Германия мен Ресейде жаңа гепатит жағдайлары әлі анықталған жоқ.

ЕО елдерінде 75-тен астам инфекция бес жасқа дейінгі балаларда кездескен. ДДҰ хабарламасында бұл балалардың бауырының даму баяулығынан екені айтылған. Жағдайлардың 6 пайызында балаларға бауыр трансплантациясы қажет болды, 9 бүлдіршін көз жұмды. Сонымен қатар, мамандар инфекцияның көзі мен қоздырғыштың жұғу әдістерін әлі нақты анықтай алмай жатыр. Алайда, кейбір науқастардан аденовирус пен коронавирус белгілері бар.

«Гепатит осы вирустардан кейін асқыну ретінде пайда болады» деген деректер де жоқ емес. ДДҰ бұл гипотезаны зерттеуді жалғастыруда. Дәрігерлер белгісіз гепатит пен инфекцияның алғашқы жағдайларын сәуір айының басында анықтады. 5 сәуірге дейін ДДҰ Орталық Шотландиядағы балалардың науқастануының он дерегін, 8 сәуірге дейін бүкіл Ұлыбританияда 74 жағдай тіркелгенін білді. 23 сәуірде ДДҰ бір айда 16 жасқа дейінгі балаларда 169 инфекция жұқтыру дерегін мәлімдеді.

Осы жағдайлардың ешқайсысынан ғалымдар А, В, С, D және E гепатиттерінің белгілі вирустарын таппады.