• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
18 Сәуір, 2014

Көктемгі егіске қолдау

317 рет
көрсетілді

Көктемгі егіс жұмыстарына дайындық шеңберінде «ҚазАгроҚаржы» компаниясына жалпы сомасы 13 млрд. теңгеге 1365 бірлік техника сатып алуға өтінім келіп түсті. Бүгінгі таңда шаруагерлермен жалпы құны 3 664 млн. теңгеге 479 бірлік егіс техникасын сатып алуға қаржы лизингі шарттары жасалып та қойған, ал енді тағы да 886 бірлік техникаға тапсырылған өтінімдер компанияның несие комитетінде қаралу үстінде, деп хабарлады «ҚазАгроҚаржы» АҚ баспасөз хатшысы Әлия Исенова өткен сәрсенбіде. Көпшілікке әйгілі техникалардың арасында, тракторлар мен тұқым сепкіштерден басқа, тырма, кун, соқа, пішен тайлаушы, қопсытқыш, дестелегіш және т.б. сияқты техника түрлері де бар. Көктемгі егіс жұмыстары шеңберінде диқаншылардың сатып алатын техникаларының көпшілігі қазақстандық өндірістің жасап шығарған техникалары, атап айтқанда, ең әйгілі үлгілерінің бірі – Семейдегі «СемАЗ» автоқұрастыру зау­ытында құрастырылған «Беларусь» тракторы екенін айтып кеткен жөн. Өз алдына, техникаға арналған аспалы жабдықтар тек АҚШ-тан ғана емес, сонымен қатар, Ресейден, Белоруссиядан, Украинадан, Канададан, Германиядан да сатылып алынады. Сөздің реті келіп тұрғанда айта кету керек, ауылшаруашылық тауар өндірушілерін қолдау мақсатында, 2013 жылдан бастап «ҚазАгроҚаржы» АҚ ауылшаруашылық техникасын сатып алуға арналған алғы төлемді 25%-дан 15%-ға төмендетті. 2014 жылдың көктемгі егіс жұмыстарына дайындалу шеңберінде кепілзатпен қамтамасыз етумен бірге  алғы төлем де лизинг заты құнының      15 %-ын құрайды. Жалпы, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі ағымдағы жылдың көктемгі егіс жұмыстарына 61,6 млрд. теңге бағыттауды жос­парлап отыр, оның 40 млрд. теңгесі бюджеттік несие. Ағымдағы жылы егіс жұмыстарына несиелер еншілес компаниялар арқылы өткен жылдағы ұқсас несиелік өнімдер бойынша беріледі. Бұдан басқа «ҚазАгро» алғашқы рет көктемгі егіс жұмыстарын екінші деңгейлі банктер арқылы қаржыландыратын болады. Бұл мақстаттарға бюджеттік несие қаражатынан 20 млрд. теңге бөлінді. Егін егуге арналған несиелік қаражаттың жаңа көзі «Агробизнес-2020» бағдарламасына сәйкес шаруалардың қаржыландыруға қолжетімділігін арттыру мақсатында  қосылды. Жалпы, ұлттық холдингтен егін жұмыстарына бөлінген қаражат 6,1 млн.га жер көлеміне агротехникалық шараларды жүргізуге мүмкіндік береді, деп хабарлады «ҚазАгроҚаржы» АҚ баспасөз хатшысы. Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан».