• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Мамыр, 2022

Жамбыл облысында түлектер отырған кортеж жүргізушілеріне айыппұл салынды

365 рет
көрсетілді

Жамбыл облысында түлектер отырған кортежге айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде автомобиль терезелерінен шығып, көңіл көтерген түлектердің видеосы тарады.

Жамбыл облысының полициясы жағдайға қатысты түсінік берді. Бұл - Тұрар Рысқұлов ауданындағы мектеп түлектерінің кортежі екені белгілі болды.

«Toyota Land Cruiser Prado, Audi 80, BMW 735, VAZ210540 және екі Toyota Самму автокөліктерінің жүргізушілеріне патрульдік полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы «жолаушылар мен жүктерді тасымалдау талаптарын сақтамау» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты», деп хабарлады ПД өкілдері.